Жаңалықтар

Қарағандыда мас адам біреудің көлігін өртеп жіберген

Қарағандыда мас адам біреудің көлігін өртеп жіберген

Қарағанды қаласының полиция басқармасына қала тұрғынынан арыз келіп түсті. Арыз беруші көпқабатты үйдің ауласында тұрған көлігін біреулердің өртеп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды taulik.kz. Оның сөзінше, түнгі 02:00 шамасында көлігі оталған. Сол кезде ол біреулердің көліктің электр сымдарын әдейі жағып жібергенін түсініп, далаға шыққанда, оқиға орнынан отын қалдығын тапқан. Осыдан кейін криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмысына кірісіп, 45 жастағы күдікті ер адамды ұстады. Ол кінәсін толық мойындап, көлікті мас болып өртегенін айтты. Қазір ҚР ҚК-нің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.