Жаңалықтар

Әлем чемпионатының ең үздік голы анықталды (ВИДЕО)

Әлем чемпионатының ең үздік голы анықталды (ВИДЕО)

Бразилия құрамасының шабуылшысы Ришарлисон Катардағы әлем чемпионатының ең үздік голының авторы атанды, деп хабарлайды taulik.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Тоттенхэм форвардының бірінші турда Сербия (2:0) қақпасына соққан голы жанкүйерлердің дауыс беруі бойынша үздік деп танылды. Үздік голға таласқан ойыншылар арасында: Сәлем Әл-Даусари (Сауд Арабиясы), Коди Гакпо (Нидерланды), Энцо Фернандес (Аргентина), Венсан Абубакар (Камерун), Луис Чавес (Мексика), Килиан Мбаппе (Франция), Пэк Сын Хо (Оңтүстік Корея), Неймар (Бразилия) болды.