Жаңалықтар

Роза Рымбаева Украинадағы соғысты қолдайтындармен дастархандас болған ба?

Роза Рымбаева Украинадағы соғысты қолдайтындармен дастархандас болған ба?

Эстрада әншісі Роза Рымбаева бірінші арнадағы «Сегодня вечером» шоуының кеңес дәуірінің әншілеріне арналған санына қонақ ретінде қатысты, деп хабарлайды taulik.kz orda.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл шоу айналасында соғыс туралы айтылып жүрген әңгіме көп. Мысалыға, шоудың бұған дейінгі жүргізушісі Максим Галкин шоуды да, Ресейді де тастап кетуге мәжбүр болды. Өйткені ол Украинадағы соғысты ашық түрде айыптады, сол үшін шетелдік агент ретінде танылды. Одан кейін балет әртісі Николай Цискаридзе шоу жүргізушісі атанды. Ол көрші елдегі Ресей үкіметінің әрекеттерін ашық түрде бірнеше рет қолдаған болатын. Цискаридзе этникалық грузин болғандықтан, өзінің ерекше глобалистік көзқарастарын айтып, бүкіл посткеңестік әлемнің бірлігін жақтайды. Роза Рымбаеваның тағы бір ескі досы – Лев Лещенко да шоуға қатысты. Лещенко Ресей мен Украина арасындағы соғысты болжап қана қоймай, оны белсенді қолдап, тіпті, ол туралы ән жазуға уәде берген. Айта кетейік, Роза Рымбаеваның өзі «Сегодня вечером» шоуына бірінші рет қонақ болып барып тұрған жоқ, бес жыл бұрын да қатысқан. Алайда қазақстандықтар соғысты қолдаған ресейлік орындаушылардың елге келуіне қарсы болып жатқан кезде, әншінің мұндай сапары беделіне қауіп төндіретіндей.