Шұғыл: ЖРВИ-ге қарсы дәрі ішкен 15 бала көз жұмды
Шұғыл: ЖРВИ-ге қарсы дәрі ішкен 15 бала көз жұмды
Өзбекстанның Самарқан облысында ЖРВИ-ге қарсы үндістандық "Док-1 Макс" дәрісін қабылдаған 15 бала көз жұмды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Ulysmedia.kz. мәліметінше,М.Азизов атындағы Самарқан облыстық көпсалалы балалар медициналық орталығының директоры облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Давронбек Жуманиезовке жазған хатында соңғы айда респираторлық вирустық инфекцияның көптеп тарағанын мәлімдеген. Сондықтан дәрігерлер де ем ретінде "Док-1 Макс" дәрісін жиі тағайындаған.
"Дәрінің қабылдаған соң кері әсері жайлы арыз жиі түседі. Балаларда бүйректің зақымдалуы мен жетіспеу белгілері пайда болады", – делінген хатта.Дәрігерлердің сөзінше, соңғы 2 айда 21 науқас келіп түскен. Олардың көпшілігінде зәрдің қуыққа түспеуі – анурия байқалған екен.
"17 балада ауру ауыр өтті, бірнеше рет гемодиализ жүргізуге тура келді. 15 өлім тіркелді", – делінген хатта.
Taulik.kz