Ресейде қарттар үйі өртеніп, 20 адам қаза тапты
Ресейде қарттар үйі өртеніп, 20 адам қаза тапты
Ресейде қарттар үйі өртеніп, 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды Taulik.kz Halyq Un сайтына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар қызметіне өрт туралы хабарлама Мәскеу уақытымен 22:21-де түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде үйдің шатыры отқа оранған. Өрт алаңы 180 шаршы метрді құрады. Өрт туралы хабарлама ТЖМ-не кеш түскендіктен, тілсіз жау біршама өршіп кеткен. Өрт сөндіру ісіне 80-нен астам адам, 28 техника жұмылдырылды.
Ресей ТЖМ өрт салдарынан қаза тапқандар саны 13 адам екенін хабарлады. Соңғы мәлімет бойынша, төтенше жағдайдан 20 адам көз жұмды.
Жеті адамның тағдыры белгісіз. Күйік шалған екі адам ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы ауыр. Тағы төртеуі амбулаториялық емдеуге жіберілді.
Агенттіктің мәліметінше, бұл Кемероводағы қарттар үйіндегі алғашқы өрт емес.
8 қаңтарда екі қабатты «Алтын ғасыр» пансионатының бірінші қабатында өрт шыққан болатын. 48 адам эвакуацияланып, төртеуі қайтыс болды.
Өрт сөндіру қызметі Ресейдегі жеке үйлерде көптеген қарттар үйі жұмыс істейтінін айтты. Олар реестрде тіркелмегендіктен, өрт қауіпсіздігі бойынша тексеруден өткізуге болмайды, ал өрт сөндіру инспекторларының тұрғын үйге кіруіне рұқсат жоқ.
Taulik.kz