Жаңалықтар

Алапат өрттен 500-ден астам үй жанып кетті

Алапат өрттен 500-ден астам үй жанып кетті

Чилидің Винья-дель-Мар қаласында алапат өрт болып, төтенше жағдай жарияланған. Өрт салдарынан 500-ден астам үй жанып кетті, деп хабарлайды taulik.kz RBC сайтына сілтеме жасап. Белгілі болғандай, өрттен кем дегенде 2 адам қаза тапқан. Жалынды ауыздықтауға 11 өрт сөндіру бригадасы мен 9 тікұшақ және 2 ұшақ жұмылдырылған. Өрт алдымен тау бөктеріндегі орманды алқаптан басталып, желдің күшімен қалаға қарай ығысқан. Өртеніп кеткен үйлер негізінен қала төңірегіне шоғырланған, тұрмысы төмен отбасылардың ағаштан салынған үйлері екен.