Жаңалықтар

Тайваньға Қытайдың әуе қорғанысының басып кіргені рас па?

Тайваньға Қытайдың әуе қорғанысының басып кіргені рас па?

25 желтоқсанда Тайвань маңында Қытай әуе күштерінің 71 ұшағы анықталды, деп хабарлайды taulik.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Тайвань қорғаныс министрліг Қытайдың 47 әуе кемесі Тайвань бұғазындағы орта сызықты кесіп өтіп, Тайваньның әуе қорғанысын анықтау аймағында (Adiz) болғанын мәлімдеді. Ведомство аралдың жанында Қытай әскери теңіз күштерінің 7 кемесі тіркелгенін хабарлады. Бейжің қарсаңында Тайвань маңындағы теңізде және әуе кеңістігінде әскери жаттығулар өткізді. Тайвань қорғаныс министрлігінің мәліметтері бойынша, аралдың айналасында ҚХР-ның сегіз ұшағы мен үш кемесі байқалған. Бұл АҚШ пен Тайвань арасындағы келісім мен қарым-қатынастың күшеюіне байланысты болды. Тайбэй Қытай аймақтағы бейбітшілікті бұзуға ниетті және Тайвань халқын қорқытуға тырысады деп мәлімдеді. Айта кетейік, Қытай Тайваньды ҚХР құрамына кіретін бүлікшіл провинция деп санайды. Тайваньның тәуелсіздігін әлемдік қоғамдастық мүшелерінің басым көпшілігі, соның ішінде АҚШ, Ресей және Қазақстан мойындамайды.