Жаңалықтар

Әлемге әйгілі S.T.A.L.K.E.R ойынын жасаған украин азаматы соғыста қаза тапты

Әлемге әйгілі S.T.A.L.K.E.R ойынын жасаған украин азаматы соғыста қаза тапты

2007 жылы S.T.A.L.K.E.R-де жұмыс істеген әзірлеуші Владимир «Fresh» Ежов Украина үшін шайқаста қаза болды, деп хабарлайды taulik.kz «Аномальний Притулок» телеграм-арнасына сілтеме жасап. Владимир Ежов Бахмут маңындағы шайқаста қаза тапты деген хабар GSC-тің «Сталкер» авторларының Discord арнасында тарап кеткен.
«Мұртты жігіт есіңізде ме? Сол менімен бір топта болды. Ол қазір арамызда жоқ. Біз белгілі бір аймақты қорғау кезінде топқа бөліндік, 2 күннен кейін ол жоқ болып кетті», - деп украин әзірлеушілері чатта жазды.
Жауынгердің өлімі туралы ақпаратты Израиль қорғаныс армиясының офицері Игал Левинге әзірлеушілердің әріптестері растады. Айта кетейік, «Fresh-тің» 2007 жылға дейін GSC Game World-те жұмыс істегені белгілі. Ол ойын дизайнері қызметін атқарды. Өзінің лақап атын америкалық «Беверли-Хиллз ханзадасы» ситкомынан алды.