Жаңалықтар

Тұңғыш президент туралы заң неліктен әлі күшін жоймады?

Тұңғыш президент туралы заң неліктен әлі күшін жоймады?

Әділет министрі Қанат Мусин тұңғыш президент туралы заң неліктен жыл соңына дейін күшін жоймағанын түсіндірді, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Үкіметтің заң жобалары бойынша 2022 жылға арналған жұмыс жоспары аяқталу сатысында. Тұңғыш президент туралы заң жобасымен қазір Әділет министрлігі айналысып жатқан жоқ. Біз заңнаманың ревизиясын жүргізіп жатырмыз. Өйткені, Тұңғыш президент туралы норма кемінде 20 заңда бар. Сол себепті заң жобасын даярлау үшін базаны әзірлеп, бір заңмен ғана емес, кешенді жұмыс жүргізу керек. Жұмыс жалғасып жатыр», - деді Қанат Мусин үкімет кулуарында.

Taulik.kz