Жаңалықтар

Психология ғылымының негізі неде?

Психология ғылымының негізі неде?

Бүгінгі таңда білімді жастардың жақсы маман болуына себепші болған ЖОО-ны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. ҚазҰУ дәстүрге бай және көп жылдық тарихы бар, Қазақстандық саяси, мәдени және бизнес-элита кадрларының басты бөлігі болған және болып қала беретін үздік білім ордасы. Сонымен қатар еліміздегі ғана беделді университет емес, биылғы жылдың қорытындысы бойынша «World University Rankings» QS халықаралық рейтингтік агенттігінің зерттеу нәтижесінде ҚазҰУ 2022 оқу жылында әлем университеттері арасында 150-ші орынды иеленді. Бүгінде ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті болып саналады. Еліміздің талай дарынды азаматтарын қанаттандырып ұшырғанда осы қара шаңырақ. Қазіргі уақытта университетте 25 000 мыңнан астам студент білім алуда, осы қатарда менде бармын. Ұлттық Университетте білімімді жетілдіріп келе жатқаныма қуаныштымын, осы тұтаста психология ғылымы туралы сөз қозғамасқа болмас. Психология ғылымының ең негізгі зерттейтін саласы - адам. Психологияның зерттеу бағыттары әр түрлі, соның ішінде адамның мінез құлқы,оның психикасын, сезімі, қарым-қатынасын зерттейді. Адам психологиясы үлкен зерттеуді қажет ететін өте қызық ғылымның бірі, әрі күрделілігі де бар. Табиғатты мүлдем ұқсас тұлғалар немесе индевиттер жоқ. Әр адамның ерте жастан қалыптасқан өзіндік психикасы және жеке ерекшеліктері болады. Адам дүние есігін ашқан кезде өзінің жеке id мен дүниеге келеді, яғни әр индевидтің өзінің жеке иденфикаторы болады. Иденфикатор адам туылған кезде болатын оның құрамдас бөлігі, біз оны адам туылған кездегі қараңғы бөлігі іспеттес деп алсақ болады,яғни оның жеке ойы жоқ, тек қажеттілік үшін ғана өмір сүрмек. Адамның болашақта жұмысында, оқу ерекшеліктерінде де әсер ететін, туа біткен қасиеттері болады. Ол биологиялық ішкі құрылымға немесе тұқым қуалайтын болуы мүмкін. Бұл қасиетте адамның алуан түрлілігінің салдары болмақ. Дүниеге келген индевид әрі қарай әлеуметтік ортаға түспек, осы сәтте оның қандай ортаға түскеніне және даму деңгейіне сәйкес адамда мінез қалыптасады. Мінез белсенділік пен қарым қатынаста дамып, тұлғаның тұрақты жеке қасиетіне айналады. Адамның ісі мен қылығынан көрінетін, оның айналасындағыларға қатынасын бейнелейтін кісінің тұрақты және тұрлаулы жеке өзгешелігі мінез деп аталады. Мінез туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп өмір сатысында дамып, қалыптасып отырады. Мінезі мүлде бірдей болып келетін адам болмайды, бірақ өмір сүрген ортасына, қоғамына қарай типтік мінезі болады. Күнбе-күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ер жүрек не байбаламшыл болып сипатталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық-еріктік қасиеттері жатады.Адамның мінез құлын біле отырып, оның белгілі бір жағдайларда қалай ұстайтының болжауға болады. Сонымен қатар белгілі бір іс әрекеттерді меңгере отырып адам қабілетке ие болады. Осылайша қабілет және мінез - құлықтың қалыптасуы, өзінің пікірінің болуы арқасында қоғамда тұлға және дара тұлға болатын адамның қалыптасуы орын алады.Осынадай әлеуметтік факторлардың нәтижесінде адамдардың басқа адамдардан ерекшеленуі, ұқсамауы орын алады. Осындай қызықты тақырыпты «Басқару психологиясы» курсында талдаған болатынбыз , курс нәтижесінде осы тақырыпқа түйгенімді жаздым. Басқару психологиясы басқарушылық процесті ұйымдастыру заңдылықтарын және осы процесс кезіндегі адамдар арасындағы пайда болған қатынастарды зерттеп, басқару процесінің әдістемелік негізін анықтайды. Сонымен қатар зерттеу обьектісінің басқару обьектісіне белсенді әсер ету әдісі мен жүйесін құрастырады және тұлғаның ерекшеліктерін зерттейді.Бұл курстың бізге берері көп, осы курс оқу барысында күнделікті өмірімізге қажет маңызды бірқатар тақырыптар қозғалды. Басқару психологиясы- өз өзімізді басқаруды, басқаларды басқара білуді, лидердің қандай болатынын, эмоционалды интеллекті адам болу сияқты қасиеттерімізді жүйеге келтірді.

Тленчиева Н. С. Педагогика ғылымдарының кандидаты Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы Даулетханова Е.Р. Досанова Аружан 1 курс магистранттары Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.