Жаңалықтар

Иранда тағы 20 адам өлім жазасына кесілуі мүмкін

Иранда тағы 20 адам өлім жазасына кесілуі мүмкін

Иран президенті Эбрахим Раиси Ислам Республикасына қарсы шыққандарға мейірім көрсетілмейтінін айтты, деп хабарлайды taulik.kz. Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербок Ирандағы өлім жазасын «қылмыс» деп атады. Оның айтуынша, өз пікірін көпшілік алдында білдіргені үшін азаматтарды қорқытудың ашық әрекеті болып отыр. Сондай-ақ тағы 20 наразылық білдіруші өлім жазасына кесілуі мүмкін.