Құлыбаевқа қатысы бар компания лицензиясынан айырылды
Құлыбаевқа қатысы бар компания лицензиясынан айырылды
Маңғыстау облысында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевпен байланысы бар жер қойнауын пайдаланушы компания лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, президенттің тапсырмасы шеңберінде ел аумағындағы пайдалы қазбалар кен орындарына тексеру жүргізілген, оның нәтижелері бойынша жаңа инвесторларды тарта отырып, әрі қарай игеру мақсатында үш және одан да көп жыл бойы пайдаланылмаған кен орындары анықталды.
Лицензиядан айырылған жер қойнауын пайдаланушылардың үшеуі Маңғыстау облысының аумағында өз қызметін дөңгелеткен. Атап айтқанда: құрылтайшыларының тізімінде Тимур Құлыбаев бар «Теміржол жөндеу» ЖШС, сондай-ақ, "KazTrans - 4" және "Табылдиев Бисебай Аманханұлы" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.
"23 желтоқсандағы жағдай бойынша министрлік 92 келісімшартты бұзу және қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға 183 лицензияның қолданылуын тоқтату жөнінде шаралар қабылдады. Лицензиялық-келісімшарттық шарттарды бұзу туралы 1779 хабарлама жіберілді", - деп түсіндірді министрлік.