Жаңалықтар

Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясымен қайда оқиды?

Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясымен қайда оқиды?

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша қайда оқитыны белгілі болды. Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді. Димаш Құдайберген «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лос-Анджелестегі Нью-Йорк киноакадемиясында режиссер мамандығы бойынша білім алады. Бұл оқу орнында қазақстандық режиссер әрі клипмейкер Айсұлтан Сейітов те білім алған. Бұған дейін Димаш Құдайберген «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанғаны белгілі болған. Еске салайық, 2022 жылдың үшінші легінде шәкіртақы тағы 178 қазақстандыққа берілді. Оның 60-ы магистратураға, 8-і әлемнің үздік университеттерінің докторантурасына түсті. «Тәжірибе» бағдарламасы бойынша 110 стипендиат оқытылады.