Жаңалықтар

Қазақстан БҰҰ-да неліктен Ресейді қолдап дауыс берді?

Қазақстан БҰҰ-да неліктен Ресейді қолдап дауыс берді?

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ресейдің Қырымдағы әрекеттерін айыптай отырып, БҰҰ қарарына неге қарсы дауыс бергенін түсіндірді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды taulik.kz.
«15 желтоқсанда Нью-Йоркте БҰҰ бас ассамблясының Қырым автономиялық республикасы мен Украинаның  Севастополь қаласындағы адам құқықтары саласындағы жағдайы туралы қарар қабылданды. Қазақстан бұл қарарға қарсы дауыс берді. Дауыс беру кезінде Қазақстан Республикасы келесідей қағидаттарды негізге алды. Біріншіден, Қазақстан БҰҰ жарғысына сәйкес, Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуді жақтайды. Сонымен бірге біз Украинаның егемендігі мен аумақтық тұстастығын жақтайды», – деді СІМ өкілі.
Оның айтуынша, бұл қарарды БАҚ өкілдері теріс түсінген.
«Екіншіден, біздің принциптік ұстатынымыз Қырым автономиялы республикасы мен Украинаның Севастополь қаласындағы адам құқықтары саласындағы жағдай мәселесі БҰҰ ұйымының арнайы органында, атап айтқанда БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесінде қарастырлуы керек. Бұл ретте БҰҰ бас ассамблеясының, БҰҰ адам құқықтары кеңесі туралы 60/251 қарарына сәйкес бұл кеңес өз жұмысында объективтілік қағидаттарын басшылыққа алып, саясаттандырудан аулақ болуға тиіс», – деді Смадияров.