Жаңалықтар

Айгүл Орынбек Перуашевқа: «Елбасы кеткенде егіліп жылап жүрген депутат...»

Айгүл Орынбек Перуашевқа: «Елбасы кеткенде егіліп жылап жүрген депутат...»

"Кеше келген министрден не талап етіп отырсыз, Перуашов мырза? Отыз жылдан бері сол әкімдерге жерді игертіп қойған сіздер емес пе? Тіпті шетелдіктерге жерді сатуға рұқсат берген заң тұжырымдамасын қолдаған депутаттардың арасында өзіңіз де бар емессіз бе? Әкімдердің негізсіз даңдайсып есіруіне, заңды белшесінен баса білгенін жасауға жол берген сол баяғы сіздер емессіздер ме? Даниял Ахметов әкім тағына кеше келген жоқ, отыз жылдан бері бірге жүрсіздер! Енді келіп кеше келген министрден не сұрайсыз? Министр сіздер қабылдаған заңға сәйкес және соның аясында жұмыс істеп жатыр! Заңнан ол аттай алмайды! Егер шын жанашыр болсаңыздар, әкімдерден жерлерді қайтару үшін арнайы заң қабылдаңыздар. Министр Қарашөкеев онсыз да біраз заңсыз сатылған жерлерді қайтарып жатыр. Оған өзім куәмін! Ал Сіз депутат мінберіне отырған жылдан бері жерге қатысты қанша мәселе көтердіңіз? Қаншасы шешімін тапты? Жерге қатысты бірде-бір мәселе көтергеніңізді көрмеппін, керісінше біз сияқты қоғам белсенділері заңды өзгертуге мұрындық болдық! Әлі де көп өзгертулер мен толықтырулар жасауға жүгіріп жүрміз! Заңның бәрін “олигархтар” мен әкім-қараларға ыңғайландырып шығарып алып, кеше келген министрге шүйліккеніңіз дұрыс емес! Түсінемін, сайлау жақындап келеді…Осылай бас көтеріп, халықтың көзіне түсіп қалғыңыз келген болар?! Осыдан кейін, Халықтың ықыласына бөлену - қиын болады! Халық - қараңғы емес! Көздері - ашық, көкіректері - ояу! Құлақтары естіп, бәрін көріп, біліп отыр! Елбасы кеткенде егіліп жылап жүрген депутатты, Халқым-ау келесі сайлауда қолдаймыз ба? Қолдауға лайық па айтыңдаршы? Парламент төрінде отырып алып, Халық үшін пайдалы заң шығармағандар - Жаңа Қазақстанға қажет пе?

Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан