Жаңалықтар

Нұрлан Құрмалаев Экология вице-министрі болып тағайындалды

Нұрлан Құрмалаев Экология вице-министрі болып тағайындалды

Нұрлан Құрмалаев Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды деп хабарлайды taulik.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. «Үкіметтің қаулысымен Нұрлан Сайынұлы Құрмалаев Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада. Нұрлан Құрмалаев 1988 жылы Алматыда дүниеге келген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Оксфорд Брукс университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Еңбек жолын 2010 жылы жеке компанияда менеджер болып бастаған. Осы жылдар ішінде коммерциялық компанияларда басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 2015-2017 жылдары - «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кеңесшісі. 2018-2019 жылдары «Самұрық-Қазына» КО ММ цифрландыру менеджері болды. 2019-2021 жылдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылымында басшылық қызметтерді атқарған. 2021 жылдың шілдесінен осы уақытқа дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.