Қаңтар оқиғасын жазған Млечинге біздің тергеушілер ақпарат берген секілді – Перуашев
Қаңтар оқиғасын жазған Млечинге біздің тергеушілер ақпарат берген секілді – Перуашев
Парламент депутаты Азат Перуашев Қаңтар оқиғасы жайлы жазған ресейлік жазушы Леонид Млечиннің кітабы жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды taulik.kz ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ресейлік журналистің дәл сол жайлы жазғаны қызық. Ол кітапта бізге, тіпті, Парламент депутаттарына беймәлім деректер келтірілген. Бұл тұрғыда менде біраз сұрақ туындайды. Шетте отырып, бізден гөрі көп біледі екен. Менің күдігім бар – тергеушілер оған біраз ақпарат берген сияқты», - деді ол.Еске сала кетсек, ресейлік жазушы Млечиннің Қазақстандағы қаңтар оқиғасы жөнінде жазған кітабы қоғамда қызу талқыланып жатыр. «Трагический январь. Президент Токаев и извлечение уроков» кітабын оқығандар кітапта бұған дейін қаңтар оқиғаларының Қазақстанда айтылмай келе жатқан деректері қамтылғанын айтады.