Қазақстандық бойжеткен сұлулық байқауынан шеттетілді
Қазақстандық бойжеткен сұлулық байқауынан шеттетілді
«Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастыру комитеті "Әлем аруы Қазақстан-2022" байқауының жеңімпазы Диана Тәшімбетованы жарыстан шеттетті. Бұл туралы ұлттық сұлулық байқауын ұйымдастыру комитетінің ресми мәлімдемесінде айтылған.
Себебі Диананың байқау мен оның қатысушыларын қаралауды көздеген жазба мен тікелей эфирі себеп болған.
«Сондықтан Диана Тәшімбетованы «Әлем аруы Қазақстан - 2022» атағынан айырамыз. Ол ұйымдастыру комитетінің мүшелері мен оның серіктестеріне ғана емес, сонымен қатар жарыстың басқа қатысушыларына да негізсіз күйе жақты. Бұл басқаларды құрметтемеу және басқалардың еңбегін құнсыздандыру деп есептейміз. Ұйымдастыру комитеті үлкен жұмыс атқарып қана қоймайды, сонымен қатар басқа қатысушылардың да, серіктестердің алдында да толық жауапкершілік алады», - делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, финалдық шоуға, пиар-науқанға, Диана Тәшімбетованы байқауға қатысуға дайындауға және оның имиджін дамытуға қыруар қаржы мен күш жұмсалды, ал оның көрсеткен құрметсіздіктері мұндай адамның лайық емес екенін көрсетеді.
«Байқауды ұйымдастыру комитеті қолдауларыңызға алғысын білдіреді және байқауға қатысушыларды бір-бірін құрметтеуге, өз сөздеріне жауапкершілікпен қарауға және компания басшылығына түсіністікпен қарауға шақырады», - деді ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастыру комитеті.
Бұған дейін «Қазақстан аруы – 2022» финалисті Диана Тәшімбетова сұлулық байқауын ұйымдастырушылардың үстінен шағымданған болатын. Бойжеткен «Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастыру комитеті оның 2023 жылдың қаңтарында баруы тиіс «Әлем аруы» байқауына қатысуын қаржыландырудан бас тартқанын айтты.
Бойжеткеннің айтуынша, ұйымдастырушылар «онымен ешқандай жұмыс істемей жарты жолда байланысын үзген».