Жаңалықтар

Зерттеушілер баланы тыныштандыру үшін смартфон беру зиян екенін айтты

Зерттеушілер баланы тыныштандыру үшін смартфон беру зиян екенін айтты

Қазіргі ата-аналар жиі смартфон немесе планшет арқылы белсенді баланың назарын аударуға тырысады. Аталмыш әдет ата-анаға да, балаға да қолайлы және бұл әдіс көбірек қолданылады. Сонымен қатар, уақыт өте келе баланың смартфонға тәуелділі арта түседі. Ол смартфонда немесе планшетте көбірек уақыт өткізгісі келеді, бірақ ол да, ата-анасы да эмоцияларды басқарудың тиімді жолдарын үйренуге жеткілікті көңіл бөлмейді. Бұл эмоционалды даму проблемаларына әкелуі мүмкін. 2018-2020 жылдары 3-5 жастағы балалары бар 422 отбасында жүргізілген зерттеудің нәтижесі осыны айғақтайды. Зерттеулер көрсеткендей, баланы тыныштандыру үшін гаджеттерді үнемі пайдалану көңіл-күйдің жиі өзгеруіне және ашушаңдықтың жоғарылауына әкеледі. Бұл әсіресе гиперактивті ер балаларда жиі байқалған.. Экранның үнемі алаңдауынан олар өзінің эмоциясымен күресуді үйренбейді. Әрине, баланы технологиядан толығымен оқшаулау нәтиже бермейді және оның қажеті де жоқ. Отбасы смартфондар мен планшеттерді баланы тыныштандырудың негізгі жолы деп санамауы керек, оларды қалыпты жағдайда пайдалану зиян емес. Зерттеушілер гаджеттердің орнына қолдануға болатын басқа әдістерді де ұсынды. Мысалы, музыка тыңдау, пластилинді қолмен ұстау немесе батутта секіру. Баланың не сезініп жатқанын жақсы түсінуге үйрту үшін оның сезімін атап, сипаттауды сұрау да тиімді. Балаға інісін, досын емес, жастықты ұру арқылы ашудан құтылатынын түсіндіру керек. Осының барлығын балаға сабырлы кезде айту маңғызды. Әсердің күшеюі үшін уақыт қажет және ата-ананың сабырлы болуы және тым қатты қысым жасамау да үлкен рөл ойнайды. Бұл оңай болмайды, бірақ бұл балаға өмір бойы қолданатын эмоционалды даму механизмдерін үйретуге көмектеседі.