Жаңалықтар

«Біртановтың сырқаты асқынды»: Аппеляциялық сот тағы кейінге қалды

«Біртановтың сырқаты асқынды»: Аппеляциялық сот тағы кейінге қалды

Астанада бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша апелляциялық сот отырысы кейінге шегерілді. Бұл туралы адвокат Нұрлан Бейсекеевтің мәлім етті, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Кеше Елжан Амантайұлында тергеу изоляторының қабырғасында жүргенде пайда болған ауруы асқына түсті. Мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Оған бірнеше мәрте шұғыл ота жасау ұсынылған болатын, оның бұл мәселені кейінге қалдырғаны белгілі. (...) Біртанов еңбекке уақытша жарамсыздық парағын жіберген болатын. Мен оны сізге (судьяға – ред.) көрсете аламын. Анықтамада осы жылдың 6 қаңтарын қоса алғандағы кезең деп көрсетілген", - деді адвокат Нұрлан Бейсекеев.
Қалалық соттың хабарлауынша, сот процесі 6 қаңтар күні сағат 15.00-де жалғасады.