Жаңалықтар

«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергеннің Қаңтарда қандай қылмыс жасағаны айтылды

«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергеннің Қаңтарда қандай қылмыс жасағаны айтылды

Бас прокурор Берік Асылов қайғылы қаңтардың артында кімдер тұрғанын айтты, деп хабарлайды taulik.kz.
«Тергеу нұсқасы бойынша Алматыда Жұмагелдиевке ерекше рөл берілген. Біз оның әрекетін Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі кураторы үйлестіргенін анықтадық», - деді Асылов.
Прокурордың айтуынша, «Дикий Арман» тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, көпшілікті бақылауға алып, бұлтартпас талап қою үшін «халық кеңесі» дегенді құруға тиіс болған. Оған Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген, сондай-ақ қылмыстық топтың белсенді мүшесі Махатов көмектескен, ол Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйіне келуші бандиттерді қаруландырған.