Бас прокурор қаңтардағы тәртіпсіздіктің негізгі ұйымдастырушысы кім екенін айтты
Бас прокурор қаңтардағы тәртіпсіздіктің негізгі ұйымдастырушысы кім екенін айтты
Бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктердің негізгі ұйымдастырушысы кім екенін айтты.
Мәжіліс отырысынан кейін Бас прокурор Берік Асылов журналистердің сауалдарына жауап берді.
«Қаңтар оқиғасы бүкіл халық үшін қасіреті. Республика бойынша жоспарлы шаралар өтті. Ұйымдастырушылар, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтар, экстремистер, соның ішінде террористік ұйымдар алдын ала дайындалған. Террористік әрекеттер бойынша екі қылмыстық істі сотқа жібердік», – деді Бас прокурор.
«Басты ұйымдастырушы Кәрім Мәсімов дейміз бе? — деп сұрады журналистер.
"Мемлекеттік төңкеріске дайындық болды, оған әрекет жасалды. Басты ұйымдастырушылар, жоғарыда айтқанымдай, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірінші басшыларына – Мәсімовке, оның ішінде орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды Мәсімовты басты ұйымдастырушы деп айтуға болады», - деді Асылов.