Жаңалықтар

Бас прокурор Самат Әбіштің жағдайына қатысты пікір білдірді

Бас прокурор Самат Әбіштің жағдайына қатысты пікір білдірді

Бас прокурор Берік Асылов ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің жағдайына қатысты пікір білдірді. "Қазір тергеу жүріп жатыр. Соның ішінде мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға қатысты қылмыстық істерді ҰҚК тергеп жатыр. Жауапкершілік мәселесі қылмыстық істің соңында болмақ", - деді Берік Асылов. Самат Әбіштің қазіргі жағдайын сұраған журналистерге  Берік Асылов: "Ондай ештеңе жоқ, жай ғана куә ретінде жауап алынды", – деп жауап берді. Бас прокурор оның қорғау құқықығы бар куәгер емес, жай ғана куәгер екенін нақтылады. Бұған дейін Самат Әбіштің ұсталған ҰҚК экс-басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер екені хабарланған болатын.