Жаңалықтар

Соғысты қолдайтын ресейлік имам Қазақстанға тағы келмек

Соғысты қолдайтын ресейлік имам Қазақстанға тағы келмек

Украинадағы соғысты белсенді қолдайтын ресейлік имам, блогер Шамиль Аляутдинов елімізге тағы келуге ниетті, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Әлеуметтік желілерде Шамиль Аляутдиновтың «Өзіңнің ең үздік нұсқаң» атты кезекті тренингінің жарнамасы пайда болды. Жарнамада бұл іс-шара 12 ақпанда елордалық Wyndham Garden қонақүйінде өтетіні айтылған. Тренингтің стандартты билетінің құны –  39 000 теңге, VIP билет бағасы –  79 000 мың теңге. Айта кетейік, ресейлік имам Қазақстанға 2022 жылдың соңында келіп, әлеуметтік желілерде азаматтардың наразылығын тудырған. Бұл жолы да желі қолданушылары Аляутдиновтың келетіні жайлы жаңалыққа қуана қоймады.
«Имам Шамиль Аляутдинов 12 ақпанда тағы да Астанаға келмекші. Ол соғысты қолдайды және бізді қарғаған», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
«Оның соғысты қолдайтынын білген бойда парақшасынан шығып кеттім. Фу, қандай жиіркенішті», - деп жазды тағы бір қазақстандық Facebook-те. Кейінірек Wyndham Garden қонақ үйі ресейлік имамның іс-шарасын өткізуді жоспарламағанын және тренингті ұйымдастырушылар қателік жібергенін айтты.