Атырау облысында 5 адам табиғи газдан уланды
Атырау облысында 5 адам табиғи газдан уланды
Атырау облысында 5 адам табиғи газдан уланды, деп хабарлайды Taulik.kz Атырау облысы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 9 қаңтар күні сағат 07:30 Атырау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жедел-жәрдем қызметінен тұрғындардың табиғи газдан улануы бойынша хабарлама келіп түскен.
«Атырау облысы ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде 5 адамның, атап айтқанда 1980 жылы туған үй иесі және оның 2013, 2014, 2016, 2019 жылы туған балаларының ас бөлмесінде орналасқан газ плитасынан газ кету салдарынан табиғи газдан уланып, жедел-жәрдем қызметімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгендігін анықтады», - делінген хабарламада.Қазіргі таңда балалардың жағдайы бір қалыпты, олар үйлеріне жіберілді. Енді уланудың себебі анықталып жатыр.