Жаңалықтар

Шымкентте үйінен ер адамның өлі денесі табылды

Шымкентте үйінен ер адамның өлі денесі табылды

Шымкентте үйінен ер адамның өлі денесі табылды, – деп хабарлайды Taulik.kz Polisia.kz-ге сілтеме жасап. 7 қаңтарда сағат 00:40 шамасында Шымкент қаласы ПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Қазанқап ақын көшесіндегі үй тұрғындарынан көрші пәтерде жанжал болып жатқаны туралы хабарлама түсті.​ Жедел-тергеу тобы белгісіз адамдар аталған пәтердің тұрғынын, 42 жастағы ер азаматты ұрып-соққанын анықтады. Алынған дене жарақаттарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болған. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі (Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша СДТТБТ-ға тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.