Алматыда «олигархтың балалары» арасында төбелес тергеліп жатыр
Алматыда «олигархтың балалары» арасында төбелес тергеліп жатыр
Алматыда "олигархтардың балалары" арасындағы төбелес тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Taulik.kz ҚР ІІМ телеграм-каналына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Алматыдағы караоке-барлардың бірінде болған төбелес талқыланған видео пайда болды. Қолданушылардың айтуынша, төбелеске себепші болғандар Қазақстандағы танымал бизнесмендердің ұлдары мен олардың оққағарлары.
Бейнеден скриншот
"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылар анықталып, жауап алынды. Аталмыш факті бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», - деді полиция өкілдері.