Қар көшкіні алып кеткен. Жоғалған әйел Алмаарасан тауынан табылды
Қар көшкіні алып кеткен. Жоғалған әйел Алмаарасан тауынан табылды
2023 жылғы 7 қаңтарда 1983 жылы туған турист әйел тауларға, «Терра» алаңына жалғыз өзі шыққан, деп хабарлайды Taulik.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол төменге түсіп келе жатып телефонын және бақылау таяқшасын жоғалтып алған. Зардап шегушіні қар көшкіні «Проходная» өзеніне қарай алып кеткен.
«2023 жылғы 9 қаңтарда сағат 5 шамасында ҚР ТЖМ «РЖҚЖ» ММ кезекші бөліміне Алмаарасан шатқалында жоғалған әйел туралы шақыру келіп түсті. Жеке құрамның 11 құтқарушысы, оның ішінде 1 кинологиялық есептоптан тұратын жедел топ автомобиль техникасының екі бірлігінде құтқаруға шықты. РЖҚЖ қызметкерлері туристі түні бойы жартасты және қарлы таулардан іздеді. РЖҚЖ-дан басқа бірнеше еріктілер ұйымдары, соның ішінде «Доброспас» және «Лидер», сондай-ақ «Құтқару қызметі» қатысты. Іздеу жұмыстары түні бойы жалғасты. Түнгі сағат 4-ке таяу зардап шеккен турист табылды», - делінген хабарламада.Қолайсыз ауа-райында қауіпті демалыс орындарына бармаңыз! Табиғатқа шықпас бұрын өз мүмкіндіктеріңізді есептеп, ауа-райының жағдайымен танысып, төтенше жағдайда өзіңізді қажетті заттармен қамтамасыз ету қажет. Өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте пауэрбанк, сіріңке болуы керек. Сондай-ақ, баратын жеріңіз туралы туыстарыңызға хабарлауды ұмытпаңыз, деп ескертеді құтқарушылар.