Жаңалықтар

Қазақстанда академик-зейнеткерлерге өмір бойы стипендия төленеді

Қазақстанда академик-зейнеткерлерге өмір бойы стипендия төленеді

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, зейнеткерлік жасқа толған ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктеріне ай сайынғы өмір бойы шәкіртақы мөлшері белгіленді,-деп хабарлайды taulik.kz ақпарат агенттігі qazaqstantv ұлттық арнасына сілтеме жасап.  Стипендия мөлшері - 60 АЕК (207 000 теңге). Шәкіртақыны үміткер академик Ұлттық ғылым академиясына құжаттарды өткізу арқылы ала алады. Академик қайтыс болған жағдайда, хабар-ошарсыз кетсе, Ұлттық ғылым академиясының құрамынан шықса және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан жағдайда стипендияны беру тоқтатылады.