Халық Назарбаевты құрметті сенатор атағынан айырды
Халық Назарбаевты құрметті сенатор атағынан айырды
Парламенттің жоғарғы палатасының регламентінен құрметті сенатор атағы алынып тасталды, деп хабарлады Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.
"Шамамен екі-үш апта бұрын біз регламентті қайта қараған кезде, Сенат регламентіне тиісті өзгерістер енгізілген кезде, біз регламенттен құрметті сенатор атағын алып тастадық. Халық дауыс берді. Маусым айында өткен референдумда Тұңғыш Президент – Елбасы туралы нормалар Конституциядан алынып тасталды, бұл халықтың шешімі", - деді Әшімбаев.Сонымен қатар, Әшімбаев бұған дейін құрметті сенатор атағы бір адамға ғана берілгенін атап өтті.
"Құрметті сенатор" деген атақ енді заңда жоқ. Оған дейін бұл атақ бір адамға ғана берілді", - деді ол.Еске салайық, 2019 жылдың 30 мамырында Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметті сенатор мәртебесі берілген болатын. Бірнеше күннен кейін оған тиісті куәлік пен төсбелгі табысталды.