Google-ге тықыр таянды: ChatGPT технология әлемінің жаңа есігі ме?
Google-ге тықыр таянды: ChatGPT технология әлемінің жаңа есігі ме?
Соңғы отыз жылда Netscape секілді web-браузер, Google іздеу жүйесі және Apple-дің iPhone өнімі технология индустриясында үлкен сілкініс жасады. Әлем толығымен аталған алыптардың «тырнағына» ілініп кетті. Бұл зерттеу туралы Taulik.kz New York Times-қа сілтеме жасап баяндайды.
Осыдан үш апта бұрын ChatGPT деп аталатын чат-бот алдағы уақытта жоғарыда аталған алыптардың сағын сындыра алатын технологиялық өнім болатынын дәлелдеп үлгерді. Ол жай ғана интернеттегі сілтемелердің тізімін ғана шығарып бермейді, нақты әрі қарапайым тілде ақпараттарды жинақтап, дайындап бере алады. Тіпті ақпараттың концепциясын адамдарға жеңіл болу үшін қарапайым түрде түсіндіріп береді. ChatGPT-тің ең үлкен жетістігі мынада: ол идеяны өзі нөлден құрап береді. Мәселен, бизнес-стратегия, жаңа жылға арналған сыйлықтар, блогқа арналған тақырып және демалысқа арналған жоспарға дейін.
Деректерге сүйенсек, ChatGPT-ның бұдан да әрі дамуға, әлі де болса қуаты мен күші бар. Оның іске қосылуы Google-дың «қызыл код» деңгейін жариялауға дейін жеткізген. Шыны керек, бұл жағдай Google үшін өте үлкен ауыр соққы болған. Кейбіреулер мұны Силикон алқабының тарихындағы ең үлкен технологиялық өзгеріс болуы мүмкін екенін және үлкен компаниялардың бизнес жоспарын өзгертіп жіберетінін айтып жатыр.
ChatGPT OpenAI лабораториясында аса агрессивті зерттеу ретінде іске қосылған. Бір қызығы, бірнеше ірі компаниялармен бірге Google де осы лабораторияның пайда болуына үлесін қосқан. Енді сарапшылар осы лабораториялық жұмысқа атсалысқан алып компаниялардың өзі кезінде кішкентай деп қана есептеген чат-ботқа бәсекелес бола алмай, бизнестеріне үлкен шығын келуі мүмкін деп болжап отыр.
Басқа ірі компаниялар секілді Google де жасанды интеллект технологиясын белсенді түрде дамыту үшін және чат-ботты іске қосу үшін бірнеше жылын сарып еткен. Google ChatGPT-ге бәсекелес болатын чат-бот құрды. Деректеме ретінде айтар болсақ, OpanAI чат-боты Google зерттеуінің нәтижесінде дүниеге келген.
Зерттеу материалдың жалғасы бар...