Ақтауда жоғары қабаттан тасталған диван ер адамның басына түскен: ол сал болып қалды
Ақтауда жоғары қабаттан тасталған диван ер адамның басына түскен: ол сал болып қалды
Ақтауда жоғарғы қабаттан лақтырған диван ер адамның үстіне түскен. Салдарынан оның мойын омыртқасы сынып, облыстық ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Inaktau.kz.
Зардап шегушінің туыстарының айтуынша, оқиға 12 қаңтарда 13:00 шамасында болған. Тұрғындар алтыншы қабаттағы пәтерден жиһазды лақтырып, ол 39 жастағы ер адамның үстіне құлаған. Оны ес-түссіз күйде жедел жәрдем көлігі алып кеткен.
"Ол жерде 11 баласы бар көпбалалы отбасы тұрады дейді. Оқиға кезінде үйде 12-13 жас шамасындағы жасөспірім болған екен. Ал ата-анасы үйде болмапты. Диванды лақтырған сәтті көрген куәгерлерлер болса +7 702 811 03 82 телефонына хабарласуын сұраймыз", – дейді зардап шеккен ер адамның ағасы.
Туыстары ер адам қазір ауруханада екенін, мойын омыртқасы үзіліп, аяқ-қолы сал болып қалғанын айтады.