Жаңалықтар

Былтыр күзде жоғалған екі ер адам өлі күйінде табылды

Былтыр күзде жоғалған екі ер адам өлі күйінде табылды

2022 жылдың күзінде Алматы мен Орал қалаларында жоғалып кеткен екі ер адам қаңтар айында өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Taulik.kz LIDER.KZ парақшасына сілтеме жасап.

1979 жылы туған Баянбаев Асыл Берікұлы 2022 жылы 5 қазанда жоғалып кеткен. Ол Еңбекшіқазақ ауданы, 4-саяжай, 1-жол көшесі мекенжайындағы үйінен шыққан. Содан бері ер адамды ешкім көрген жоқ. Жоғалған адамның денесі 14 қаңтарда табылды.

Ғазимов Альберт Мұратжанұлы 1992 жылы туған, Орал қаласында Саратов көшесінде тұрған. 2022 жылдың 28 қарашасында ер адам үйінен шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.