Жыл сайын $16 млн: дәретхана қағазын да Ресейден сатып аламыз
Жыл сайын $16 млн: дәретхана қағазын да Ресейден сатып аламыз
Қазақстан Ресейден жыл сайын 16 миллион долларға дәретхана қағазын сатып алады. Бұл туралы Facebook желісінде журналист Ербол Мәндібек есімді азамат жазды, деп хабарлайды taulik.kz.
«Ресми ақпаратта, Еуразиялық экономикалық елдері деп көрсетілген. Шын мәнінде, одақтас елдің бәрі Ресейдің қағазын қолданып отыр.
Жыл сайын 1,2 миллион долларға Германия мен Түркиядан қымбат дәретхана қағаз импортталады. Мұны бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев baigenews.kz сайтына берген сұхбатында айтыпты (Цифрлық деректер сол сайттағы орыс тілінде жазылған материалдан алынғанын ескертемін).Кедейлер қаттысын, байлар «тәттісін» тұтынатын туалетный бумаганы да шығара алмайтын қандай елміз. Өндіріс жоқ емес бар. Бірақ нарықты қамтуға қауқарсыз. Түсінемін. Космостық держава болуға тырысып жатырмыз.
Құдай бетін аулақ қылсын! Ресей мен Түркиядағы туалетный бумага шығаратын заводтар істемей қалса газет пен кітапты қайтадан оқимыз ба?» – деп жазған автор.Бұған дейін Lsm.kz сайтында дәретхана қағазы Түркия, Өзбекстан, Швеция, Германия, Беларусь және басқа елдерден импортталатыны жазылған. Сондай-ақ Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе облыстарында және Шымкент қаласында дәретхана қағазы шығарылады делінген.