Қаскелеңнің «VIP – қызы» жауапкершілікке тартылды
Қаскелеңнің «VIP – қызы» жауапкершілікке тартылды
«VIP қазақ» атанған қаскелеңдік жүргізуші әйел жол ережесін бұзғаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Taulik.kz .
Алматы облысының полицейлері 16 қаңтарда жүргізушінің жол ережесін бұзғаны туралы видеоны анықтағанын хабарлады. Қарасай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 2001 жылы туған азамат Е.-ны анықтап, ұстады.
«Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты 591-баптың 2-бөлігі («Жүргізушінің көлік құралын басқару кезінде телефон немесе радиостанцияны пайдалануы»), 230-баптың 2-бөлігі («Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу») ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде 20 АЕК (69 мың теңге) көлемінде айыппұл түріндегі жалпы жаза қолдану туралы хаттамалар жасалды», - деп хабарлады полициядағылар.Toyota Land Cruiser Prado автокөлігі уақытша тұраққа қойылған. Еске салайық, бұған дейін «VIP-қазақ әйелі» ретінде танымал болған Қаскелең тұрғынының тағы да тәртіп бұзып, бұл туралы видео түсіргені белгілі болған еді.