Қайтыс болатын күніңізді анықтайтын әдіс бар екенін білесіз бе?
Қайтыс болатын күніңізді анықтайтын әдіс бар екенін білесіз бе?
Швециядағы Стокгольм университетінің ғалымдары адамның қайтыс болатын күнін дәл болжаудың әдісін тапты, деп жазады taulik.kz.
Stan.kz сайтының жазуынша, мамандар 10 жыл бойы 40-90 жас аралығындағы 1774 шведтің өмірін бақылаған. Зерттеу жұмысы басталмай тұрып қатысушылар арнайы тестілеуден өткен: 13 түрлі иісті ажыратқан.
Зерттеу нәтижесінде адамның қайтыс болатын күнінің жақындауы оның иіс айыра алмауымен тікелей байланысты екені анықталған. Орташа есеппен бір иісті дұрыс айыра алмаудың өзі оның өлімге бір табан (8℅) жақындап қалғанын меңзеген.
Мамандардың айтуынша, ми қызметі толықтай дұрыс жұмыс істейтін адам кез келген иісті ажырата алады.