Журналистерді итке теңеген: Бас прокуратура қызметкерінің ісі тексеріліп жатыр
Журналистерді итке теңеген: Бас прокуратура қызметкерінің ісі тексеріліп жатыр
Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлім етті, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
“Журналистердің арызы бізге келіп түсті, тексеріліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша шешім қабылданады”, – деді Шындалиев.Оның сөзінше, Мейрамбай Кемалов әлі жұмысында жүр. Айта кетейік, бұған дейін Парламент Мәжілісі ғимаратында Бас прокуратураның Парламенттегі ресми өкілі Мейрамбай Кемалов журналистерге тіл тигізіп, мұның арты дауға ұласқан болатын. Журналистер оның үстінен Бас прокуратураға арыз жолдады.