Киевте тікұшақ апатқа ұшырап, 18 адам қаза тапты (ФОТО)
Киевте тікұшақ апатқа ұшырап, 18 адам қаза тапты (ФОТО)
Украинаның Бровары қаласында балабақша маңында тікұшақ апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 18 адам қаза тауып, 29 адам зардап шекті, деп хабарлайды taulik.kz.
Қаза болғандардың арасында Ішкі істер министрі Денис Монастырский, оның бірінші орынбасары Евгений Енин мен ІІМ мемлекеттік хатшысы Юрий Лубкович бар.
Киев облысының әскери әкімшілігінің басшысы Алексей Кулебаның айтуынша, қазіргі уақытта 29 адамның жараланған белгілі, олардың 15–і балалар.
Жедел қызметтердің барлығы сол жерде жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, бүгін, 18 қаңтарда Киев облысының Бровары қаласында тікұшақ апатқа ұшыраған болатын. Бортта Украина ІІМ басшылығы мен басқа да шенеуніктер болған. Олардың барлығы қайтыс болды. Тікұшақ балабақша мен тұрғын үйдің жанына құлаған.