Өзбекстан Қазақстанға қатынайтын автобус рейстерін қайта ашты
Өзбекстан Қазақстанға қатынайтын автобус рейстерін қайта ашты
Өзбекстан көлік министрлігінің хабарлауынша, 19 қаңтардан бастап Қазақстанмен халықаралық автобус қатынасы қалпына келтіріледі.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 қаңтардан бастап Өзбекстаннан Қазақстанға халықаралық автобус қатынасы тоқтатылды.
Енді Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 қаңтардан бастап халықаралық бағыттар бойынша автобустар қайтадан жүре бастайды.
Ташкент автовокзалынан Мәскеу, Алматы және Астанаға автобус маршруттары жөнелтіледі. Төменде Ташкенттен халықаралық бағыттар бойынша автобус тасымалының тізімі берілген:
• Ташкент – Мәскеу – 12:00, билет бағасы – 1 011 000 сум (41 553 теңге);
• Ташкент – Алматы – 16:00, билет – 200 000 сум (8 220 теңге);
• Ташкент – Астана – 16:00, билет – 361 000 сум (14 838 теңге);
• Ташкент – Түркістан – 17:00, билет – 111 000 сум (4 562 теңге);
• Ташкент – Қызылорда – 18:00, билет – 161 000 сум (6 617 теңге);
• Ташкент – Алматы – 18:00, билет – 200 000 сум (8 220 теңге);
• Ташкент – Бішкек – 18:00, билет – 261 000 сум (10 727 теңге).
Еске сала кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстанда Tax Free жүйесі эксперимент ретінде енгізілген. Оның аясында елге келетін шетелдіктерге тауардың жекелеген түрлерін сатып алған кезде төлеген ҚҚС қайтарылады.