Жаңалықтар

Facebook пен Instagram жалаңаш фото жариялауға рұқсат берді

Facebook пен Instagram жалаңаш фото жариялауға рұқсат берді

Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріне иелік ететін Meta компаниясының бақылау кеңесі желідегі әйелдердің омырауын көрсетіп түскен суреттерін жою туралы шешімінен бас тартты, деп хабарлайды taulik.kz.
«Әйелдердің омырауын көрсетіп түскен фотосуреттерге қатысты ережелердегі шектеулер мен ерекшеліктер ауқымды және трансгендерлерге келгенде түсініксіз», – делінген Бақылау Кеңесінің хабарламасында.
Соңғы шешім екі ай ішінде қабылданады. Facebook пен Instagram желілерінде жалаңаш фотосуреттерді жариялауға шектеу қойылған. Соның ішінде әйелдердің омырауын көрсетіп түскен фотосын жариялауы ережеге қайшы келеді. Алайда ер адамдарға мұндай шектеу жоқ. Айта кетейік, бұл желілерде суреттерді тексеру жүйесі жасанды интеллект алгоритмдеріне негізделген.