Италияда қазақ қызын көлік қағып, мерт қылды
Италияда қазақ қызын көлік қағып, мерт қылды
Италияның Салерно қаласында 27 жастағы Әсем Жарбосынды көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды taulik.kz.
Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі растады.
«Қайғылы оқиғаны растаймыз. Қазір мүрдесін Қазақстанға жеткізу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Туыстарымен байланыстамыз», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ҚазАқпаратқа.Италиядағы жергілікті БАҚ таратқан мәліметіне сәйкес, қайғылы оқиға Салерно қаласында орын алған. 17 қаңтар күні Peugeo көлігін басқарған 20 жастағы жүргізуші Джузеппе Верди опера театры маңындағы жаяу жүргіншілер жолында студент қызды қағып кеткен. Қазақ қызын қаққан жүргізуші оған алғашқы көмек көрсетуге тырысқан, жедел жәрдем шақырған. Алайда өкінішке орай оны құтқару мүмкін болмады.