Атырауда мектеп директорынан туберкулез табылды

19 қаңтар, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Атырауда мектеп директорынан туберкулез табылды Атырауда мектеп директоры туберкулезбен ауырды, деп хабарлайды Tauli.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап. Қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, директор денсаулығына байланысты жұмыстан шеттетілген. Мектеп басшысымен араласқан қызметкерлер медициналық тексеруден өтіп, мектепте санитарлық шаралар жүргізіліп жатыр. Толық ақпаратты кейінірек беретінін облыс әкімдігі хабарлады.