Жаңалықтар

Әкесі берген сөмкені «люкске» бағалаған қыздың оқиғасы (ВИДЕО)

Әкесі берген сөмкені «люкске» бағалаған қыздың оқиғасы (ВИДЕО)

«Зоидың тарихы және оның сөмкесі» деп аталатын контент ТикТок-та бір апта ішінде он миллионнан астам көрілім жинап, әлеуметтік желінің жұлдызына айналуына себепкер болды. 7 қаңтар күні Зои Габриэль есімді қыз Тиктокқа Charles & Keith бренд маркалы өнімнің сөмкесін сатып алғанын салады. Онда Зои: «менің тұңғыш люкс сөмкем» деп жазба қалдырған. Ал желі қолданушылары бұл өнімнің люкске жатпайтынын айтып, ары кетсе 76 доллар тұратынын жазып, мазаққа айналдырған. Алайда Зои өзіне қарата жазылған негатив пікірлерден кейін екінші видео жүктейді. Онда ол аталған сөмкенің люкс болмаса да, оның әкесінің алып бергенін айтады. Олар Сингапурге көшіп келгенде жағдайлары қиын болған, әкесі осы сөмкені алып беру үшін көп жұмыс істеп тер төккен екен. Әрі Зои 80 доллар кеткен сөмкенің ақшасы әлі де болса ол үшін үлкен қаражат екенін айтады. Сол видеодан кейін негатив жазған желі қолданушылары керісінше жағымды әрі жүрекке жететін пікірлер қалдырып, қызға қолдау білдіріп, оның ата-анасына деген құрметін жоғары бағалаған.  width= Бір қызығы аталған оқиғадан кейін (Зоидың алғашы видеосын 12,4 миллион адам қараған) Charles & Keith брендінің негізін қалаушы ағайынды Чарльз бен Кит Вонгтер қызды әкесімен бірге өздерінің штап-пәтеріне шақырып, бірге түскі ас ішуге ниет білдірген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Meduza Project (@meduzapro)