Жаңалықтар

Әскери бөлімде өрт болып, 15 адам қаза тапты

Әскери бөлімде өрт болып, 15 адам қаза тапты

Арменияның әскери бөлімдерінің бірінде қаңтардың 19-ына қараған түні өрт болды. Қайғылы оқиға салдарынан 15 әскери қызметкер қаза болып, үш адам ауыр халде ауруханада жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Өрт Гегаркуниктегі Азат ауылының аумағында, инженерлік-саперлік ротаның казармасында болған.

Басылымның дерегінше, өрт-құтқару жұмыстарына қарамастан тілсіз жаудан бірнеше адам қаза тапқан. Арменияның қорғаның министрлігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға салдарынан 15 әскери қызметкер мерт болып, үш адам ауыр халде жатыр.

Сонымен қатар басылым казармадағы өртті сөндіру үшін бес сағат уақыт кеткенін айтады. Бұған қоса Армения президенті Ваагн Хачатурян екінші әскери корпус қолбасшысы Ваграм Григорянды отставкаға жібергендігі белгілі болды. Кейін Армения СК басшысы Аргишти Кярамян әскери бөлімшеде өрттің шығуына жанғыш заттармен, оның ішінде бензинмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмағандығын атап өтті.

Оның сөзінше қазіргі таңда оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде. Бұдан бөлек, алдын ала болжам бойынша әскерилер бензинді пеште от жағу үшін қолданған. Ал ел премьер-министрі Никол Пашинян бұйрық бойынша, пеште от тұтату үшін, бензинді пайдалануға болмайтынын атап өтті.