Роналду мен Мессидің алаңда кездескен сәті жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

20 қаңтар, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Роналду мен Мессидің алаңда кездескен сәті жұртты сүйсінтті (ВИДЕО) Әлемнің үздіктері саналатын португалиялық Криштиану Роналду мен аргентиналық Лионел Мессидің алаңда бір-бірімен амандасып, құшақтасқан сәті миллиондаған жанкүйердің жүрегінде қалары анық. «Аль Наср» сапына ауысқан Роналду кеше «Аль-Хиляль» футбол командасымен іріктеліп алынған ойыншылармен бірге «ПСЖ»-ға қарсы жолдастық кездесуі өткізді. Есеп «ПСЖ» пайдасына шешілді: 5:4. Ойында Роналду дубль жасаса, Месси бір голды қанағат тұтты. Сарапшылар бұл ойын қос алыптың алаңда кездескен соңғы ойындары болатын шығар деп болжам жасап жатыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от 🇰🇿© ZTB QAZAQSTAN 2023 (@ztb_media)