Жаңалықтар

Алматы тұрғыны қызын өлтіріп, өзіне қол жұмсаған: тергеу басталды

Алматы тұрғыны қызын өлтіріп, өзіне қол жұмсаған: тергеу басталды

Алматыда ер адам қызды өлтіріп, содан кейін өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды taulik.kz. Желіде "Розыбакиев даңғылында орналасқан сауда орталығының маңында жас жігіт сүйіктісін өлтіріп, содан кейін өзіне қол жұмсаған" деген ақпарат тарады. Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.