Алматыда бір адам үсіп өліп, 11-ін үсік шалған
Алматыда бір адам үсіп өліп, 11-ін үсік шалған
Алматыда қытымыр аязда бір адам үсіп өлсе, 11 адамның аяқ-қолын үсік шалған,-деп хабарлайды ktk.kz сайты.
Әдетте мұндай жағдайға тап болатындардың басым бөлігі тұрғылықты жері жоқ жандар. Дала да сіресіп қатып қалған ер адам да солардың қатарынан.
Медициналық көмекке жүгінгендер саны соңғы бір аптада күрт атыпты. Аязды күндер басталғалы 124 адам тайып құлап, т.рлі дене жарақатын алған. Тағы 34 адамның миы шайқалыпты. 11-інің аяқ-қолын үсік шалған екен.