Кері тартады: Өкпе-ренішпен өмір сүріп жатқаныңыздың 4 себебі
Кері тартады: Өкпе-ренішпен өмір сүріп жатқаныңыздың 4 себебі
Адам қанша алға жүрем десе де, үнемі кедергі келтіріп отыратын дүниелер болады. Солардың бірі - эмоциялық жүк. Оның сізді шыңырауға құлатқаннан басқа берері жоқ.
Кекшілдік
Бұл қаншалықты қарапайым көрінсе де, бақытты адамдар шынымен жақсылықты ғана есте сақтайды. Жылдар бойы өткен реніштерін еске алып, түнде кектің қара кітабын парақтап, өздерін қинамайды. Олар қақтығыстардан кейін шағылыспайды және ренішті жинақтамайды.
Кешіре алмау бір кездері басынан өткерген оқиғаның кетпей, сізді азаптай беруінен күшейеді. Және бұл көмек қажет екенін көрсететін ең сенімді сигнал. Психологқа бару керек, достармен сөйлесу керек немесе анонимді қолдау тобын табу керек. Немесе ескі мәселені шешу үшін басқа қадамдарды жасаңыз. Әйтпесе, ауырсыну күшейеді, ал эмоционалды жүк сізге әрі қарай жүруге мүмкіндік бермейді.
Пассив агрессия
Бала кезінде көрген қиындық не түсініспеушіліктен адам өмір бойы өзгелерге сенімсіздік пен жеккөрінішпен қарап өтуі мүмкін,
Өзін-өзі бағалаудың тым төмен немесе керісінше, негізсіз жоғары болуы
Бұл деструктивті сыннан және соның салдарынан өз-өзіне сенімсіздік орнауы. Немесе, керісінше, бүкіл әлемнің сіз туралы ойлағанынан әлдеқайда жақсы екеніңізді дәлелдеуге ұмтылу.
Салауатты қарым-қатынас орнату қиынға соғады
Бұл тармақ алдыңғысымен тығыз байланысты. Cіз басыңыздан өткен жаман тәжірибені мызғымас заң дәрежесіне көтересіз және өзіңізге жақсы қарып-қатынас орнатуға еш мүмкіндік бермейсіз.