Қарағанды тұрғыны көшеде үсіп қайтыс болды

20 қаңтар, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Қарағанды тұрғыны көшеде үсіп қайтыс болды Қарағанды қаласы, Крылов көшесінде ер адам үсіп қайтыс болды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Ер адамның денесі бүгін таңертең табылды. Оның денесінен зорлық-зомбылықтың іздері табылған жоқ. Куәгерлердің айтуынша, жақсы киінген адам болған, ішімдік ішкен болуы мүмкін, - делінген Вечерняя Караганда басылымында.
Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.