Кардиохирург Назарбаевтың қазіргі жағдайы туралы айтты
Кардиохирург Назарбаевтың қазіргі жағдайы туралы айтты
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауруханаға түскені туралы ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Taulik.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұрынғы президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ақпаратты растады. Ол оперцияның сәтті аяқталғанын жеткізді. Отаны Ұлттық кардиохирургия орталығының танымал кардиохирургі Ю.Пя жасаған.
Кардиохирург Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі жағдайы туралы айтты.
«Бұл - жоспарлы емдеу-диагностикалық процедура. Ол 2,5 сағатқа созылды. Қазір Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы жақсы. Жақын күндері ауруханадан шығарылады», - деді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия және ғылым жөніндегі директоры Юрий Пя.